Петропавлда «Волонтерлер аллеясы – 2026» ашылды
Петропавлда Ойқала шағынауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жүзден астам адам бас қосты. Олар ағаш отырғызып, «Волонтерлер аллеясы – 2026» кеңістігін салтанатты түрде ашты. Бұл орын қаланың көркін арттырып қана қоймай, бірлік пен өзара көмектің де символына айналмақ. Экологиялық акция қалай өтті? Тілшіміз Әсем Әкімқызы баяндайды.
Бұл жердегі әр ағаштың өз тарихы, ал тұтас аллеяның өзіндік мәні бар. Ойқала шағынауданында алма, қайың және долана көшеттері отырғызылды. Экологиялық акцияға қатысқан жүзден астам адам Петропавлды көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
СНХР: ЖАДЫРА ЖОЛКЕНОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
Экологиялық акция аясында «ЭКО-БАРАБАН: айналдыр да, әрекет ет!» атты интерактивті алаң да ұйымдастырылды. Қатысушылар барабанды айналдырып, экологияға қатысты сұрақтарға жауап берді. Дұрыс жауап бергендер тәтті сыйлықтарға ие болды.
СНХР: АРАМ, СҚО ЖРO ВОЛОНТЕРЛІК ФРОНТ-ОФИСІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Экологиялық акцияның басты нәтижесі — отырғызылған ағаштар мен қала тұрғындарының ортақ іске қосқан үлесі. Алдағы уақытта волонтерлер аллеядағы көшеттерге күтім жасап, олардың жақсы өсіп-жетілуіне атсалыспақ.