Негізгі Жаңалықтар Түлектерге кәсіби бағдар

Түлектерге кәсіби бағдар

Болашақ мамандықты таңдау – мектеп түлектері үшін маңызды қадам. Осыған орай М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің өкілдері облыс аудандарын аралап, талапкерлерге білім беру бағыттары мен оқуға түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кезекті кездесу Мамлют қаласында өтті. Тілші материалына зер салайық.

Кәсіби бағдар беру кездесулерінің мақсаты – мектеп түлектерін университеттегі білім беру бағдарламаларымен таныстырып, грантқа түсу, академиялық ұтқырлық пен қос дипломды бағдарламалар туралы ақпарат беру. Бұған дейін университет өкілдері Ақжар, Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Шал ақын аудандарында болған. Ал Мамлют ауданындағы кездесуге оқу орнының 45-ке жуық маманы келді. Олар талапкерлерге білім беру мүмкіндіктерімен қатар, студенттерге арналған стартап жобалар мен халықаралық әріптестік туралы да айтып берді.

СНХР: ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ РЕКРУТИНГ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Қазір М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 8 мыңнан астам студент білім алады. Соңғы жылдары мұнда медицина, стоматология және менеджмент сияқты жаңа бағыттар ашылды. Сонымен қатар педагогика мен экономика мамандықтарына да сұраныс жоғары. Оған қоса, оқу орнында Қытай, Польша, Германия және АҚШ-тағы Аризона университетімен бірлескен қос дипломды бағдарламалар бар. Осы орайда, мектеп түлектерінің қызығушылығын тудырған мамандықтарды өздерінен сұрап көрдік.

КАМИЛА ИСМАНОВА, ОҚУШЫ

ЗАҢҒАР ӨМІРЗАҚОВ, ОҚУШЫ 

 Алдағы уақытта университет өкілдері облыстың өзге елді мекендерінде де кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ талапкерлерге арналған ашық есік күндері ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар мектеп түлектеріне болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға септігін тигізеді. 


Бөлісу