«Қазақстан Республикасы: тарихи таңдау, ұлттық мүдде және болашаққа бағдар»
«Қазақстан Республикасы: тарихи таңдау, ұлттық мүдде және болашаққа бағдар». Осындай атаумен Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында облыстық конференция өтті. Жиынға Солтүстік Қазақстан облысының 250-ге жуық педагогы қатысып, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Республика күнінің маңызы және білім сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
Педагогика саласының еңбек ардагері Сәуле Кереева «Мемлекеттік тілді дамыту арқылы тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің қалыптасуы және дамуы» тақырыбында баяндама жасап, қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі маңызына тоқталды. Ардагер ұстаз ана тіліміздің мәртебесін арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту және жас ұрпақтың тілге деген құрметін қалыптастыру мәселелерін қозғады. Спикердің пікірінше, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен озық технологияларды тиімді ұштастыру – елдің зияткерлік әлеуетін арттырып, болашаққа нық қадам басудың маңызды алғышарты.
СНХ: СӘУЛЕ КЕРЕЕВА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:
«Дарын» мектеп-лицейінің директоры, тарих пәнінің мұғалімі Ерлан Мәкен Республика күнінің маңызы мен тарихи сабақтастық туралы баяндады. Маман өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі тарих пәні мұғалімінің рөлін ерекше атап өтті. Айтуынша, оқушыларға ел тарихын үйрету арқылы олардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, тәуелсіздіктің қадірін түсіндіруге болады. Тарихты білу - өткенді тану ғана емес, болашаққа бағдар жасаудың да негізі деп санайды.
СНХ: ЕРЛАН МӘКЕН - “ДАРЫН” МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Тарих пәні мұғалімдерінің басты міндеті – оқушыларға ақпаратты дұрыс жеткізу. Өткенді тану арқылы біз балалардың бойында отансүйгіштік, еліне деген мақтаныш, жанашырлық қасиеттерін оятуымыз керек. Ұстаз ретінде мен үшін бұл – өте маңызды, әрі тәжірибеде қолданамын.
Биыл үшінші жыл қатарынан өңірімізде «Ауыл мектебі-сапа алаңы» республикалық жобасы жүзеге асырылуда. Ауылдық мектептерде 80-ге жуық жаңа заманауи кабинеттер ашылды. Яғни, оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындап, тәжірибе жасауына мүмкіндік берілді. Осының нәтижесінде PISA халықаралық зерттеуінде жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша солтүстікқазақстандық ұл-қыздар бірінші орында.
СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА - СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жалпы, облыстық конференцияға 250-ге жуық педагог қатысты. Жиналғандар кәсіби тәжірибе алмасып, білім берудің өзекті тақырыптарын қозғады.