Негізгі Жаңалықтар Солтүстікқазақстандық параспортшы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды

Солтүстікқазақстандық параспортшы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында өңір намысын қорғаған Иван Залезняк қола жүлдеге ие болды. Отандасымыз пара жеңіл атлетикадан ядро итеру сайысында 12 метр 71 сантиметр нәтижемен, үшінші орынды иеленді. 

Иван Залезняк байрақты додаға біздің облыстан аттанған жалғыз спортшы. Бұл – тәжірибелі спортшының Азия Пара ойындарындағы үшінші қола медалі. Осыған дейін 2018 және 2023 жылғы жарыстарда үздіктер қатарынан көрінген болатын. Облыс әкімі Иван Залезняк пен оның жаттықтырушысы Дмитрий Клеевті жоғары спорттық жетістігімен құттықтап, халықаралық ареналарда жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тіледі.

Бөлісу