Республика күніне орай мерекелік жеңілдіктер басталды
Республика күніне орай «Аймер» супермаркеттер желісінде «Береке фест» акциясы өтіп жатыр. Тауарларға 10-нан 35 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Акция 17-27 қазан аралығында жалғасады. Сөредегі арнайы белгілер арқылы жеңілдік жасалған тауарларды оңай табуға болады.
Жеңілдіктер күнделікті тұтынатын тауарлардың кең түрін қамтиды. Мерекелік науқан аясында сүт өнімдері мен азық-түлікті, салқындатылған және өлшеп сатылатын өнімдерді тиімді бағамен сатып ала аласыз.
Снхр: СӘНИЯ ҒАБДУЛИНА — КОММЕРЦИЯЛЫҚ БӨЛІМНІҢ БАСШЫСЫ:
Ұйымдастырушылардың айтуынша акцияның басты мақсаты — сатып алушыларды қолжетімді бағадағы сапалы әрі дәмді өнімдермен қуанту. Бұл тұрғыда тұрғындардың да пікірі оң.
«Мен мұндай акцияларға жақсы қараймын. Себебі зейнеткер болғандықтан, бағаның төмендегені мен үшін өте маңызды. Бұл – өте жақсы мүмкіндік. Қазір тауарларды қарап, бағаларын салыстырып жүрмін. Өзіме ұнағанын міндетті түрде сатып аламын».
«Жалпы, мұндай жеңілдіктердің болғаны өте жақсы. Әсіресе зейнеткерлерге, жалақысы жоғары емес, бала-шағасы бар отбасыларға үлкен көмек. Қазір азық-түліктің бағасы қымбат, оны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Осындай жағдайда мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетілгені қуантады. Егер өзіме қажетті тауарларды жеңілдікпен көрсем, міндетті түрде сатып аламын».
«Әрине, мұндай акциялардың болғаны өте жақсы. Тиімді, әрі жаңа өнімдерді байқап көруге мүмкіндік бар. Барша қазақстандықтарды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған акция 27 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындар қажетті азық-түлікті тиімді бағамен сатып ала алады.