Негізгі Жаңалықтар Қызылжар ауданында жаңа емхана ашылды

Қызылжар ауданында жаңа емхана ашылды

Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде жаңа емхана ашылды. Медициналық мекеме заманауи қондырғылармен жабдықталған. Күніне 250 адамды қабылдауға қауқарлы. Емхананың ашылу салтанатына өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. 

Нысанның құрылысына 5 млрд теңге жұмсалды. Сонымен қатар, тағы бір жарым млрд теңгеге заманауи қондырғылар сатып алынған. Салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. Жиналған жұртшылықты құттықтады, жүрекжарды тілектерін білдірді. 

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Салтанатты шарадан кейін Ғауез Торсанұлы мен Ақмарал Шәріпбайқызы емхананың жабдықталуымен танысты. 

СМАЙЫЛ САТИН, Қызылжар аудандық емханасының директоры:

Облыстың денсаулық сақтау саласы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Соңғы 3 жылда 50 медициналық мекеме бой көтерген. Оның 4-еуі - емхана. Сондай-ақ, 100-ден астам көлік сатып алынған. Қызылжар аудандық емханасының аға зертханашысы Гүлия Хасенова аталған салада 27 жыл еңбек етіп келеді. Білікті маман орын алып жатқан оң өзгерістерге дән риза. 

ГҮЛИЯ ХАСЕНОВА, Қызылжар аудандық емханасының аға зертханашысы:

Енді ел бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, соңғы 5 елде 1200-ден астам медициналық нысан салынған. Оның тең жартысы ауылдық жерлерде бой көтерді. Қазіргі таңда Қазақстанда 56 аурухананың құрылысы жүріп жатыр. 

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

"Алдағы уақытта тағы 70 аурухана салуды жоспарлап отырмыз. Биыл елімізде 32 аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Осыдан 5 жыл бұрын елдегі медициналық нысандардың тозу деңгейі 56 пайызды құраса, қазір бұл көрсеткіш 37 пайызға жетті. Жүйелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады".

Салтанатты шара барысында Ақмарал Шәріпбайқызы қуанышты жаңалықпен бөлісті. 1-қаңтардан бастап елімізде медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі.

Бөлісу