Петропавлда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Петропавлда 23 қазанда ауқымды күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысып жергілікті өнімді нарықтаға бағадан 10-15 пайызға арзан бағада ұсынады. Азық-түлік жәрмеңкесі Мағжан Жұмабаев көшесінде, Интернациональная көшесінен бастап Пионерская көшесіне дейінгі аралықта ұйымдастырылады. Ал мал азығы Жұмысшы кентінде Космонавтар көшесі, 79/1 мекенжайында өтеді. Жәрмеңке таңғы сағат 9:00-ден түскі 14:00-ге дейін жалғасады.