Негізгі Жаңалықтар Мектеп президенттерін ұлықтау рәсімі өтті

Мектеп президенттерін ұлықтау рәсімі өтті

Петропавлда мектеп парламенті президенттерін ұлықтау рәсімі өтті. Жиында оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіндегі жетістіктері сараланып, жаңа міндеттер айқындалды. Бұған дейін президент атанған оқушылар атқарған жұмыстарымен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды. Ал жаңадан сайланған мектеп президенттері өз міндеттеріне кірісіп, алдағы жоспарларын белгіледі.

Мектеп президенті болу – жай ғана атақ емес, үлкен жауапкершілік. Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің оқушысы Батырхан Ермек құрдастарының сеніміне ие болып, мектеп өміріне белсене араласып жүр. Жас көшбасшы оқушылармен үнемі байланыста болып, олардың пікірлері мен ұсыныстарына құлақ асады. Өйткені әр оқушының ойы маңызды. Батырханның міндеті - сол бастамаларды назардан тыс қалдырмай, мектеп әкімшілігіне жеткізу.

СНХ: Батырхан Ермек - Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің оқушысы:

Бүгінде мектеп қабырғасында білім алумен қатар, оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға да ерекше мән беріледі. Осы ретте мектеп президенттерінің өзін-өзі басқару жүйесіндегі орны айрықша.

СНХ: ЗАРИНА ҚАЙЫРЖАНОВА, Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері:

Президенттерді ұлықтау рәсімінде оқушылар жетістіктерін ортаға салып, алға қойылған жоспарларымен бөлісті.


Бөлісу