Екатеринбургте Ресей кітапханалар қауымдастығының ХХХ жылдық конференциясы өтті. Бұл — кітапхана ісі саласындағы ең ірі кәсіби іс-шаралардың бірі. Форумға ТМД елдерінен 1,3 мыңнан астам маман қатысып, кітапханаларды дамытудың заманауи тәсілдерін, цифрлық технологияларды және жастар арасында кітап оқуды насихаттау мәселелерін талқылады. Аталған конференцияға қатысушылардың қатарында Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері де бар. 

Кітапханашы Альфия Сүлейменова үшін бұл конгресс — бүгінгі заманауи кітапхана ісінің даму бағытын өз көзімен көруге зор мүмкіндік болды. Ол Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасындағы әріптестерімен бірге осымен екінші жыл қатарынан осынау ауқымды кәсіби форумға қатысып отыр. Маманның айтуынша, мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, жұмыстың жаңа форматтарымен танысуға және оқырмандармен өзара байланыста қолдануға болатын тың идеялар табуға септігін тигізеді.

Снхр: АЛЬФИЯ СҮЛЕЙМЕНОВА, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында балаларға арналған танымдық және шығармашылық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Алдағы 3 маусымда мұнда мектеп оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттыруға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жаңа жазғы бағдарлама бастау алады.

СНХР: ГҮЛНҰР БЕКІШ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БИБЛИОГРАФЫ

Бүгінде бұл мекеме балалар мен жасөспірімдер үшін маңызды мәдени рухани орталық саналады. Айта кетейік, кітапхананың кітап қорында 217 мыңнан астам көркем, білім беру және балалар әдебиетінің даналары бар.