СҚО-ға жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңір диқандарымен кездесіп, көктемгі егіс науқанының барысымен танысты. Жалпы, биыл облыста 4,3 млн гектар алқапқа дән себу жоспарланған. Сондай-ақ, министр Қызылжар ауданында салынып жатқан жоңышқа өңдеу зауытының құрылысын аралады.
Облысқа жұмыс сапарымен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Ол ең алдымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен Қызылжар ауданындағы "Сервис Жарс" серіктестігінің алқабында теріскейлік диқандармен кездесті. Айта кету керек, аталған агроқұрылым ертең егіс науқанын аяқтауды жоспарлап отыр. Барлығы 21 мың гектар алқапқа дән сіңірмек.
ҒАББАС ЖАНТАЕВ, "Сервис Жарс" ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:
Маңызды жиында облыстағы көктемгі егіс жұмыстарының барысы баяндалды. Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған жаңа жобалар жайлы сөз болды. Биыл облыста 4 млн 300 мың гектар алқапқа дән себіледі. Әртараптандыру аясында дәнді дақылдар көлемі 100 мың гектарға қысқартылып, 2 млн 9 мың гектарды құрап отыр. Майлы өнімдер алқабы 1 млн гектарға жетеді, мал азықтық дақылдар - 405 мың гектар.
ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
Жиын барысында диқандар Ауыл шаруашылығы министріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесуде өсімдік және мал шаруашылығын дамыту жайлы да сөз болды.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Кейін Айдарбек Сапаров пен Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында салынып жатқан жоңышқа шөбін өңдейтін зауыттың құрылысымен танысты. Кәсіпорында жылына 60 мың тонна сапалы жем өндірілмек. Өндіріс орны қолданысқа берілгеннен кейін 50 адам жұмыспен қамтылады.
АРМАН УАТАЕВ, "Salar Farm" ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:
Жоңышқа ақуыз бен кальцийге бай. Өсімдікті терең өңдеп, малға берсе, мол көлемде сүт пен ет алуға болады. Айта кету керек, кәсіпорын тамызда қолданысқа беріледі.