Таяуда өңірдегі ірі сауда орталықтарының бірінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының солтүстік қазақстан облысындағы филилалы мен денсаулық сақтау басқармасының бірлескен жұмысы нәтижесінде «денсаулық аралы» атты акция өтті. іс-шараға әр түрлі жастағы 70-тен аса қала тұрғыны қатысты.
Акцияға өз денсаулығының жәй-күйін білуге жиналғандар қарасы қалың. тұрғындар артериялық қысымын, қандағы қант мөлшерін өлшеумен қоса және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толыққанды ақпаратты тегін ала алады.
СНХ: ЕЛЕНА ЗЕЛЬ, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Іс-шараға қатысқан жандардың бірі - Татьяна Погребная. сауда орталығына өз жұмыстарымен келген ол, осында қан қысымы мен қандағы қант мөлшерін өлшеуге мүмкіндік пайда болғанын көріп, таңданысын жасыра алмағанын айтады.
СНХ: ТАТЬЯНА ПОГРЕБНЫХ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Денсаулық аралы» акциясына 19 және 20-шы шағын аудандарының тұрғындары белсене қатысты. айта кеткен жөн, осындай іс-шара алдағы күндері қаланың басқа да сауда үйлерінде өткізу жоспарланған.