ҚР және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны пайдалана отырып, электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау енгізіледі. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру жұмыстары аяқталып, «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» функционалы әзірленді.
Аталған функционалды енгізу және Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны қолдану 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады. Жаңа жүйе кедендік рәсімдеуді жеңілдетіп, операциялардың уақытын қысқартуға және қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
СНХ: АСХАТ ЖОЛМҰҚАНОВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ