25 мамыр мен 1 маусым аралығында облыстық Қан орталығына келген әрбір донор қалалық саябақтағы үш аттракционға тегін билет алады. «Аттракциондар әлемімен» бірлесіп ұйымдастырылған бұл бастама донорлық мәдениетті дамытуға және тұрғындарды игі іске тартуға бағытталған.

Акцияның негізгі мақсаты – қан тапсыру арқылы адам өмірін сақтап қалудың маңызын насихаттау. Сонымен қатар, бұл жоба донорлар үшін балаларымен бірге уақыт өткізіп, оларға қуаныш сыйлауға мүмкіндік беріп отыр. Мамандардың айтуынша, бастама тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырған.

СНХ: ЕВГЕНИЯ ЗАХАРОВА – ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЕРАПЕВТ ДӘРІГЕРІ

Акция басталғалы бері қан орталығына шамамен 80-ге жуық донор келген. Жалпы алғанда, орталыққа күніне орта есеппен 30 адам қан тапсыруға келеді. Қан әсіресе операция жасалатын науқастарға, босанатын аналарға, балаларға және ауыр дертпен күресіп жүрген пациенттерге аса қажет.

СНХ: АЛМАС ҚАРМЕН - ДОНОР

Мамандардың айтуынша, қан тапсырудың өзіндік талаптары бар. Донор алдын ала дайындалуы қажет: майлы және ащы тағамдардан бас тарту, алкоголь мен кейбір дәрі-дәрмектерді уақытша тоқтату, жақсы тынығу және жеңіл таңғы ас – маңызды шарттардың бірі.