Петропавлда жергілікті журналистерге арналған тренинг өтті. Іс-шараны «Әділ сөз» қоры ұйымдастырған. Жоба аясында қатысушылар жаңа медиа жанрдың ерекшеліктерімен танысып, тақырып іздеу, кейіпкер таңдау және материалды түрлі форматта ұсыну тәсілдерін үйренді. Мамандардың айтуынша, шешім журналистикасының басты ерекшелігі – мәселені көтеріп қана қоймай, оны шешудің жолдарын көрсету.

Тренингке өңірдегі телеарна, баспасөз және интернет-басылымдардың 20-ға жуық өкілі қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның бірнеше қаласында журналистерге арналған оқыту кездесулері өткен.

СНХ: ӘСЕЛ ТҰРМАНОВА – «ӘДІЛ СӨЗ» ҚОРЫНЫҢ КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ

Тренинг барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар практикалық тапсырмалар да орындады. Журналистерге әлеуметтік тақырыптарды тек негатив тұрғысынан емес, конструктивті форматта ұсынудың жолдары түсіндірілді.

СНХ: АЙДАРБЕК БАЛҒАБЕКОВ – «24.KZ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ

Қатысушылардың айтуынша, мұндай тренингтер журналистерге тек жаңа білім беріп қана қоймай, кәсіби мотивация да сыйлайды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта шешім журналистикасы қауымдастығы толыққанды жұмысын бастап, қатысушыларға арналған қосымша білім беру бағдарламалары жалғасады деп жоспарлап отыр.