Петропавлда нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған кең ауқымды айлық басталды. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған шара 26 маусымға дейін жалғасады. Айлықтың ашылу рәсімі облыс әкімдігі алдындағы орталық алаңда өтті. Оған полиция департаменті, прокуратура, әкімдік өкілдері, еріктілер, спортшылар, студенттер, блогерлер мен қоғам белсенділері қатысты.

Шара барысында айлықтың басталуына арналған промо-бейнеролик түсіріліп, қатысушылар жаппай жаттығу жасап, шағын кроссқа қатысты. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің зияны туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір ай ішінде облыс бойынша профилактикалық кездесулер, түсіндіру жұмыстары мен акциялар жалғасады. Сондай-ақ қала көшелеріндегі есірткі жарнамалары мен граффитилерді жою жұмыстары жүргізілмек.

СНХ: МАКСИМ ДОРОВИК – СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ

Мамандар қазіргі таңда синтетикалық есірткінің таралуы көбейгенін айтады. Жыл басынан бері облыста 130-дан астам есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелген. Оның 44-і – есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтау деректері. Ал қалғаны есірткі заттарын таратуға байланысты қылмыстар. Заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі тәркіленген, оның 8 жарым келіден астамы синтетикалық есірткі.

СНХ: БАЙЖАН ӘБДІРОВ – «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

Акцияға жастар да белсенді қатысуда. Олардың айтуынша, басты мақсат – өскелең ұрпақтың саналы болып, зиянды әдеттерден аулақ өсуіне үлес қосу. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар қоғамның назарын есірткі мәселесіне аударып қана қоймай, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді дейді.