Облыс орталығында шахмат сүйер қауымның басын қосқан «Senat Open» ашық кубогының үшінші маусымындағы ширек финалдық кезең өтті. Зияткерлік додаға өңірдің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар бақ сынап, үздіктер қатарынан көрінуге тырысты.

Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды. Биылғы жарысқа 160-қа жуық адам қатысқан. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және өзге де сала мамандары бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шахматқа деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді.

СНХ: АНВАР СӘБИТҰЛЫ, БАС ТӨРЕШІ

Үш жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан турнирдің белсенді қатысушыларының бірі – Қайсар Айтжанов. Жалпы айтқанда бүгінде қазақ жастары әлемдік деңгейде ел намысын абыроймен қорғап жүр.

СНХ: ҚАЙСАР АЙТЖАНОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ

Ширек финалда үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 35 қатысушы келесі кезеңге жолдама алды. Енді олар Қостанай қаласында өтетін жартылай финалда бақ сынайды.