СҚО-ға жұмыс сапарымен ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов келді. Ол өңірдегі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Ол өз сөзінде келешегі зор өндіріс орындарына мемлекет тарапынан қолдау әрдайым жалғаса беретіндігін жеткізді.

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов келді. Аялдаған алғашқы нысан - “РиМ-КазАгро” серіктестігінің қағаз өндіру фабрикасы. Бүгінде аталған кәсіпорын макулатураны қайта өңдеп, дайын өнім шығару ісін нәтижелі жүргізіп отыр.

Жұмыс тобы цехты аралап, өндірістік желінің қуатына назар аударды. Тілдесу кезінде кәсіпорынның ішкі нарықты қамту мүмкіндігі де сөз болды.

Кейін Әсет Нүсіпов “Зеленый Север” серіктестігінің жылыжай кешеніне бет алды. Қазіргі уақытта бұл жерде заманауи технологиялардың көмегімен қияр мен қызанақ өсіріліп жатыр.

ӘСЕТ НҮСІПОВ, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

Сапардың келесі бағыты - саңырауқұлақ өнімдері мен арнайы субстрат әзірлейтін «ECO GLADE» серіктестігі. Вице-министр бұл бірегей зауытпен де танысып, ішкі нарықты отандық өніммен қамту жайын пысықтады.