Облыстың ресми делегациясы Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен Ресей Федерациясының ірі индустриялық орталықтарының бірі - Челябі облысына жұмыс сапарымен барды. Ресми топ бірқатар кәсіпорындарды аралып, өңіраралық форумға қатысты. Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым бағыттардың бірі.
Жұмыс сапары барысында делегация Челябі облысындағы жетекші кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, «УралКран» машина жасау зауыты мен «Хлебпром» кондитерлік өнімдер өндірісін аралады. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында осы бағыттағы заманауи инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ делегация «Оңтүстік Орал және Қазақстан: шекаралас аймақтар ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» атты форумға қатысты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым бағыттардың бірі. Бүгінде ресейлік инвесторлар өңірімізде бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясымен тауар айналымы 311 млрд теңгені құрады, оның елеулі бөлігі шекаралас өңірлердің үлесіне тиесілі.
АЛЕКСЕЙ ТЕКСЛЕР, ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ, РФ
Форум барысында Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық, өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті таныстырылып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.