21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай облыстық әкімдікте аймақтың мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің рухани әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандары мемлекеттік марапаттармен наградталды.
21-мамыр - елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі. Айтулы датаға орай ұйымдастырылған ресми жиынға өңірдегі мәдениет ораларының жетекшілері, театр және музей қызметкерлері, кітапханашылар мен сала ардагерлері қатысты. Жиынды ашқан өңір жетекшісі құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет саласының мемлекеттік идеология мен ұлттық бірегейлікті сақтаудағы маңызды рөліне тоқталды.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Салтанатты іс-шарада марапатталғандардың бірі - Уәлиханов ауданынан келген Қуанған Иманханұлы. 74 жастағы зейнеткер өзінің 55 жылын мәдениет саласынан арнаған. Балаларға би үйретумен айналысатын қария жиында "Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
СНХ: ҚУАНҒАН ИМАНХАНҰЛЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
Айта кетейік, мерекелік жиында облыстық С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына академиялық мәртебесін беру ұсынысы туралы айтылды. Сондай-ақ, өңір басшысы өнер ордасының ұжымына су жаңа автобусты сыйға тартты.