Облыс әкімі жұмыс сапарымен Қызылжар ауданына барды. Аудан аумағында «Salar Farm» серіктестігі жоңышқадан түйіршіктелген жем өндіретін жаңа зауыт құрылысын жүргізуде. Сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстары жоспарға сай атқарылып, негізгі дақылдардың басым бөлігі себілді. Бұдан бөлек, Қарғалы аралына кіреберіс жолдағы көпірдің жалғасып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қызылжар ауданындағы Salar Farm серіктестігі Подгорное ауылында жоңышқаны өңдейтін жаңа зауыт құрылысын жалғастырып жатыр. Кәсіпорын жылына 60 мың тоннаға дейін сапалы жем өндіруді жоспарлап отыр. Өндірісте Германия, Голландия және Швецияның заманауи технологиялары қолданылады. Жоба аясында 6–8 мың гектар жерге жоңышқа егіліп, 20 жаңа жұмыс орны ашылады.

АРМАН УАТАЕВ, «SALAR FARM» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Кейін Ғауез Торсанұлы аудандағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінде Қызылжар ауданы аумағында 68,4 мың гектар жерге егін егіліп, жоспардың 36%-ы орындалды. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 43,1 мың гектарға, майлы дақылдар 17,5 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 6,9 мың гектарға себілген.

Кейін өңір Прибрежное ауылына апаратын көпірдің құрылысы және кіреберіс жолды реконструкциялау жұмысымен танысты. Жоба құны 4,4 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмыстарының бір бөлігі толық аяқталды. Жобаны іске асыру мерзімі 2025–2027 жылдарға жоспарланған. Ал 2025–2026 жылдарға 2 570 000 мың теңге қаржы бөлінген.