Петропавлдағы жоғары медициналық колледжде «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық профилактикалық іс-шара өтті. Оның басты мақсаты — студенттердің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, мұндай жағдайларға төзбеушілік көзқарас қалыптастыру және мәселені шешу жолдарын түсіндіру.
Полиция департаменті мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп студенттер арасында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларынан хабардар болу — мәселені дер кезінде анықтап, өзін және айналасындағыларды қорғауға, сондай-ақ қайда жүгінуге болатынын білуге мүмкіндік береді.
СНХР: ДАРЫН ӨМІРБЕКОВ, СТУДЕНТ
Зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда ең алдымен полицияға немесе сенім телефонына хабарласу қажет. Жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Ал денсаулыққа ауыр зиян келтірілген жағдайда 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
СНХР: ДЕНИС ДЕНИСОВ – СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Жалпы айлық басталғалы бері 10-нан астам іс-шара өткізілген. Жақын уақытта ұйымдастырушылар Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжіне баруды жоспарлап отыр.