Солтүстікке бет алғандар саны артып келеді. Тимирязев ауданында жұмыс күші артық аймақтардан қоныс аудару жоспары мерзімінен бұрын орындалды. Бүгінде ауданға 350-ден астам азамат көшіп келіп, түрлі салада еңбек етуде. Оларға берілетін жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары қандай?
14 сәуір күні Замира Аяпова Тимирязев мектеп-интернатындағы алғашқы жұмыс күнін бастады. Ол 17 жылдық тәжірибесі бар аспаз. Жұмыс күні таңғы сағат 6-да балаларға таңғы ас дайындаудан басталып, кешкі 5-те аяқталады. Бұған дейін Замира Маңғыстау облысында аспаз болып еңбек еткен. Отбасы СҚО-ға жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы аясында көшіп келген.
СНХ: ЗАМИРА АЯПОВА, ТИМИРЯЗЕВ ҚАЗАҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ АСПАЗЫ
Замира Аяпованың 20 жастағы қызы Нұржамал да көшіп келген. Ол қазір аудандық жұмыспен қамту бөлімінде аударма ісіне жауапты. Мамандығы бөлек болса да, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын меңгеруге деген құлшынысы жоғары. Жаңа орта мен ұжым жас маманды құшақ жая қарсы алған.
СНХ: НҰРЖАМАЛ ІЛЯСОВА, АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМІНІҢ АУДАРМА РЕДАКТОРЫ
Отбасында үш бала бар. Үлкен ұлдары қазір әскерде, ал кенже қыздары 9-сыныпта оқиды. Бұл отбасының Солтүстікке қоныс аударуына отағасы Болат Ситақовтың батыл шешімі себеп болған. Қаңтардың қақаған аязында келіп, теміржол саласына жұмысқа орналасты. Қазір ол — «Қазақстан темір жолы» компаниясының жергілікті филиалында жол жөндеуші. Тұрақты табыс пен мемлекеттік көмектің арқасында отбасы қысқа мерзімде жеке баспаналы болып, жаңа мекенге толықтай сіңісіп кетті.
СНХ: БОЛАТ СИТАҚОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ ФИЛИАЛЫ ЖАҢА ЕСІЛ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖОЛ ЖӨНДЕУШІСІ
Тимирязев ауданы бағдарламаны жүзеге асыруда көш басында. Биылғы меже сәуір айында-ақ артығымен орындалған. Келген әрбір отбасына көшу субсидиясынан бөлек, балаларын мектепке орналастыру мен медициналық көмек алуға толық жағдай жасалған. Мемлекеттік қолдау тетіктері мұнда нақты әрі жүйелі жұмыс істеп тұр.
СНХ: АЙГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінде Тимирязев ауданы 350-ден астам жаңа тұрғынмен толықты. Олардың әрқайсысы — өңірдің экономикасы мен демографиясына серпін беріп отырған мамандар.