Бүгін Абай атындағы мектеп-гимназиясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты әскери-патриоттық іс-шара өтті. Жоғары сынып оқушыларын болашақ әскери қызметке баулуды көздеген бұл жиын жастардың отансүйгіштік рухын шыңдауға бағытталған. Мұндай маңызды іс-шаралар облыс мектептерінде дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.
Абай атындағы мектеп-гимназиясында отансүйгіштікке баулитын «Жас сарбаз» атты әскери-патриоттық әндер шеруі өтті. Байқау форматында ұйымдастырылған бұл шараға 6-10 сынып оқушыларынан құралған 15-ке жуық команда қатысты. Сайыс барысында әр топ тек ән айтып қана қоймай, шынайы әскери дайындықтарын паш етті. Қазылар алқасы қатысушылардың әнді нақышына келтіріп орындауын, бөлімше командирінің батыл іс-әрекеттері мен бұйрықтарды беру тәртібін жіті қадағалады.
СНХ: ҚАЙРАТ ТОКИН, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мектеп қабырғасындағы бұл жиын оқушылардың қайраттылығы мен темірдей тәртібін көрсететін айтулы оқиғаға айналды. Салтанатты шеру жастардың бойындағы жауапкершілік сезімін оятып, әскери өмірдің қыр-сырын жақыннан тануға мүмкіндік берді.
СНХ: ЖАДЫРА ЗҰЛҚАРНАЕВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Мектепте 7 мамыр мерекесіне жоспарланған бұдан да өзге тәрбиелік және спорттық іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.