Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу жалғасуда. Ғабит Мүсірепов, Шал ақын және Есіл аудандары аумақтарында су деңгейінің төмендеуі тіркелуде. Сонымен қатар, Ақмола облысынан келетін су ағынының әсерінен Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында су деңгейінің көтерілуі байқалады. Гидрологтардың мәліметіне сәйкес, Сергеев су қоймасы 114 пайызға толған. Бөгет жотасынан асып төгілу көрсеткіші 81 сантиметрді құрайды. Қазіргі уақытта өңірдегі су нысандары бойынша жағдай тұрақты бақылауда.