Солтүстік Қазақстан облысының муай-тай спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионатында сәтті өнер көрсетті. 26–30 сәуір аралығында Астана қаласында өткен жарысқа Петропавл қаласынан 28 спортшы қатысып, 7 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.


 Жарыс жасөспірімдер арасында өтті. Биылғы чемпионат соңғы жылдардағы ең ірі турнирлердің бірі болып саналады. Оған еліміздің 16 өңірінен шамамен 400 спортшы қатысты.


СНХ: ИВАН ВАН – ХОН –ТУН, СҚО МУАЙ-ТАЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 


Аға жаттықтырушы әрі облыстық муай-тай федерациясының жетекшісі Иван Ван-Хон-Тунның айтуынша, команда жалпы жоғары деңгейде өнер көрсеткен. Нәтижесінде, солтүстікқазақстандық спортшылар 16 медальге ие болды.


СНХ: АСАНӘЛІ РАМАЗАН, СПОРТШЫ 


Алда кіші жас санатындағы спортшыларды Қазақстан чемпионаты күтіп тұр. Ал ересек топ өкілдері қыркүйек айында Грекияда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Муай-тай федерациясының спортшылары жыл сайын түрлі додаларда айтарлықтай жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.