Тимирязев ауданында төтенше жағдайларды жою бойынша кешенді оқу-жаттығу жиыны өтті. Сценарий бойынша, екпінді желдің салдарынан дала өрті орман алқабына ауысып, елді мекенге қауіп төндірген. Қызыл жалынмен күреске құтқарушылар, медицина және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Мамандар техниканың дайындығын, құлақтандыру жүйесін және ведомствоаралық іс-қимылды пысықтады.
Тимирязев ауданында азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимыл тәртібі пысықталды. Оқу-жаттығудың басты мақсаты -табиғи өрттерді ауыздықтауға тартылатын күштер мен құралдардың дайындығын, сондай-ақ жедел әрекет ету уақытын анықтау. Мұнда құлақтандыру жүйесінен бастап, жергілікті атқарушы органдар мен шұғыл қызметтердің үйлесімді жұмысына дейін тексерілді.
СНХ: ӘСЕТ БЕЙСЕМБИН, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ ТЖБ №18 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖҮРГІЗУШІСІ
Жиынға аудандық 17 қызмет жұмылдырылды. Олардың қатарында қоғамдық тәртіпті сақтау, медицина, байланыс, энергетика және көлік қызметтері бар. Тіпті химиялық барлау мен жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мамандары да шет қалмады. Мамандар тек өртті сөндіріп қана қоймай, зардап шеккендерге көмек көрсетті, электр желілерін қалпына келтіріп, химиялық зат тасымалдаған көліктің қатысуымен болған жол апатының зардаптарын жойды.
СНХ: КИРИЛЛ ИВАННИКОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Жалпы жаттығуға 117 адам мен 44 бірлік техника қатысты. Мұндай кешенді іс-шаралар азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын арттыру үшін үш жылда бір рет өткізіледі.
СНХ: ҚАНАТ ИМАНЖАНОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мамыр айының соңында дәл осындай кешенді оқу-жаттығу Петропавл қаласында, ал шілде айында Есіл ауданында өтеді деп жоспарланған.