Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті. Кездесуде студенттерге есірткінің заңсыз айналымының салдары түсіндірілді. Мамандар заң алдындағы жауапкершілік пен саналы таңдау маңызын атап өтті.


Жастар арасында оңай табыс табуға бағытталған күмәнді ұсыныстар жиілеп барады. Әсіресе интернеттегі жоғары жалақы уәде ететін хабарландырулар көпшілікті қызықтырады. Алайда олардың артында көбіне заңсыз әрекеттер жасырылады. Әдетте, мұндай таңдаудың салдары өте ауыр болады.


СНХ: ВАЛЕНТИНА ЖҰМАГҰЛОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ


Студенттерге есірткінің заңсыз айналымы мен оны таратудың ауыр салдары туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Бейнематериалда оңай табысқа алданудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні нақты мысалдар арқылы баяндалды.


СНХ:АЛЕКСАНДР ЛЕНСКИЙ, СТУДЕНТ


Жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта мұндай іс-шараларды қаладағы барлық білім беру ұйымдарында өткізуді жоспарлап отыр.