Қалалық мәдениет үйінде «Біз – жеңіс мұрагерлеріміз» атты дәстүрлі байқау өтті. Жоба бес жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мұнда кішкентай балалардан бастап, аға буын өкілдеріне дейін өнер көрсетіп, Жеңіс рухын дәріптейді.
Байқау алғаш рет пандемия кезінде онлайн форматта ұйымдастырылған. Ал бүгінде ол дәстүрлі форматта жалғасуда. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне және шығарманың мазмұнын жеткізуіне ерекше мән береді.
СНХ: АЙГҮЛ ЖҮНІСБАЕВА – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Байқау жыл сайын ұрпақтар сабақтастығын жалғап, жас буынға Ұлы Жеңіс құндылығын насихаттауға өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі сайыста 16 қатысушы бақ сынап жатыр. Солардың бірі облыс орталығындағы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының жас актері Мейіржан Жолдасбеков.
СНХ: МЕЙІРЖАН ЖОЛДАСБЕКОВ – БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, сондай ақ, 9 мамыр күні қала орталығында өтетін мерекелік концертке қатысады. Онда үздік деп танылғандар гала концертте өнер көрсетеді.