Облыс орталғында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Оған әскери қызметшілер, музей қызметкерлері және жастар қатысып, тарихи мұраны ұлықтау мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Іс-шара жастардың отансүйгіштік рухын арттыруға бағытталған.

Жыл сайын Абылай хан резиденциясында Отан қорғаушылардың ерлігі мен ел тарихына арналған тағылымды іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жиынға 100-ге жуық қатысушы жиналды. Әскери-патриоттық бағыттағы бағдарлама Абылай хан резиденциясы музей кешенінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланы және әскери бөлім өкілдерінің бірлесуімен ұйымдастырылды.


СНХ:ӘСЕМГҮЛ ҚЫДБЕКОВА, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ- КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Батырлары мен ел қорғаған ер тұлғалардың ерлігін дәріптеу – өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіндегі маңызды бағыттардың бірі. Өңірде соңғы жылдары тарихи деректерді жинақтау, батырлардың есімін жаңғырту және олар туралы ақпаратты кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл бастамалар арқылы халықтың тарихи жады сақталып, елдік рухты нығайтуға басымдық берілуде.


СНХ: ЖАНБАТЫР САРТАЕВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ АКАДЕМИГІ 


Іс-шара барысында рухты көтеретін патриоттық әндер шырқалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Мұндай патриоттық іс-шаралар ел тарихына деген құрметті арттырып, жастарды Отанды сүйюге баулиды.