Петропавлда Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында аты аңызға айналған соғыс ардагері Сапар Дүйсеновті еске алу рәсімі өтті. Облыстық прокуратура ұйымдастырған салтанатты іс-шара аясында батыр тұрған үйдің қабырғасындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды. Рәсміге облыс басшылығы, прокуратура ардагерлері мен туған-туыстары қатысып, аңыз тұлғаның рухына тағзым етті.
Сапар Дүйсенұлы - Отан соғысының ардагері және Қазақстанның құқық қорғау саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға. Ол майдандағы сұрапыл жылдар мен соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп, прокуратура жүйесінде 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен. Айта кетейік, Сапар Дүйсенұлы өз еңбек жолын сот мәжілісінің хатшысы ретінде бастап, біліктілігі мен табандылығының арқасында облыс прокурорының бірінші орынбасары деңгейіне дейін көтерілді.
СНХ: ӘСИЯ МУСИНА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
Гүл шоқтарын қою рәсіміне Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов пен өңір басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұлов және қала әкімі Серік Мұхамедиев қатысып, ардагердің рухына тағзым етті. Облыс прокуроры өз сөзінде Сапар Дүйсеновтің есімі - Солтүстік Қазақстан облысының тарихына мәңгілікке жазылған ерлік пен кәсібиліктің үлгісі екенін айтты.
СНХ: ҚАЙРАТ ӘБДІХАНОВ, СҚО ПРОКУРОРЫ
Айта кетейік, Отан соғысының ардагері Сапар Дүйсенұлына арналған бұл мемориалдық тақта былтыр ашылған болатын.