Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01AI компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады. Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кай Фудың Қазақстанда жоғары технологиялардың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Президент еліміздің жасанды интеллект саласында тиімді әрі нақты нәтижеге бағдарланған серіктестік құруға ниетті екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мен Ли Кай Фу өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.