Петропавлда жеке үйде заңсыз алкоголь өнімін сату фактісінің жолы кесілді. Зейнеткер заңсыз алкоголь өнімі және темекі бұйымдарын сатқан.
Петропавл қаласында полицейлер жеке тұрғын үйден 137 литр спиртқұрамды сұйықтықты тәркіледі. Заңсыз алкоголь саудасы фактісі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. Мына «шағын дүкеннің» қасынан полицейлер маңдарынан спирт иісі шыққан үш сатып алушыны анықтады. Олар медициналық куәландыруға жіберілді. Үшеуі де бұған дейін бұзақылық пен қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар.
Құқық бұзушы 68 жастағы қала тұрғынының айтуынша, ол арзан спирт сатып алып, оны сумен араластырып, жақын маңдағы тұрғындарға сатқан. Сондай-ақ оларды темекі өнімдерімен қамтамасыз еткен — үйден 40-тан астам контрафактілі темекі қорабы тәркіленді.
СНХР: Бейбіт Әлмұхамбетов — Петропавл қ. ПБ №10 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы
Полицейлер атап өткендей, контрафактілі алкоголь — бұл тек өмір мен денсаулыққа қауіп қана емес, сонымен қатар қылмыс пен құқық бұзушылыққа алып келетін фактор. Жыл басынан бері Петропавл қаласында тәртіп сақшылары 4593 литр алкоголь өнімін тәркіледі.