Жұмағали Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Халықтық Конституция - әділ қоғамның негізі» атты кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге Ата Заңды білудің маңыздылығы түсіндірілді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Кездесуде студенттерге Халықтық Конституция тұжырымдамасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, құқықтық білімді іс жүзінде қолдану бойынша пайдалы кеңестер берілді.

Снх: ӘСЕМГҮЛ ҒАББАС, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Сонымен қатар, Конституция аясында еріктілер қозғалысына да ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар қазіргі қоғамдағы волонтерлердің рөлі мен еріктілер ұйымының қатарына қосылу мүмкіндіктерін сөз етті.

Снх: СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Кездесу соңында ниет білдірген студенттер еріктілер ұйымына мүше болуға өтінім қалдырды. Осылайша, жастар азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық қолдаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.