Биыл Алматы облысындағы Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы Солтүстік Қазақстан облысының Заречный кенті мен Қызылжар ауданында маңызды міндет атқарды. Бір айдан астам уақыт бойы сарбаздар бөгеттерді нығайтып, су тасқынының алдын алу шараларын жүргізді. Петропавл қаласында жеке құрамды шығарып салу рәсімі өтіп, жергілікті билік пен тұрғындар олардың ұйымшылдығы мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдірді.

Петропавлда Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің жеке құрамын шығарып салу рәсімі өтті. Сарбаздар қалаға Алматы облысының Ұзынағаш ауылынан бір айдан астам уақыт бұрын су тасқынына қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін келген болатын. Негізгі міндет – бөгеттерді нығайту және инертті материалдар салынатын қаптарды дайындау болды.

СНХР: САЯН ЖАНЫБЕКОВ – Б. МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ 28237 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әскери бөлімнің жеке құрамына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің және «Amanat» партиясы филиалының атынан алғыс хаттар табысталды. Жергілікті атқарушы органдар, мәслихат өкілдері мен Петропавл тұрғындары көрсеткен көмектері үшін алғыс айтып, сарбаздарға аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

СНХР: АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ – СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

28237 әскери бөлімі өңірімізде су тасқынына қарсы шараларға қатарынан үшінші жыл қатысып отыр. Биыл бұл жұмыстарға 100 әскери қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылды.