«Білім беру жүйесінде конституциялық принциптерді ілгерілету - сапаны арттыру мен құқықтық қорғалудың факторы ретінде» - Дәл осындай тақырыпта облыс орталығында педагогтарға арналған конференция өтті. Іс-шараға қала мен облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Конференцияның басты мақсаты - білім беру жүйесіне конституциялық принциптер мен заңнаманың жаңа талаптарын енгізу арқылы білім сапасын арттыру және білім алушылардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету болды. Мектептерде жаңа нормаларды іс жүзінде іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ

Спикерлер бүгінгі таңдағы басты міндет - тұрғылықты жері мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, әрбір баланың сапалы білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Конституция оқу үшін тиісті жағдайлар жасауды талап етеді. Осылайша, соңғы үш жылда СҚО-да 11 білім беру нысаны салынып, тағы 249 ғимарат жаңғыртылды.

ВАЛЕНТИНА ЧЕРНЫХ, «СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Спикердің айтуынша, қала мен ауылдық жерлердегі білім сапасы мен оған қолжетімділік деңгейіндегі айырмашылықтар әлі де айтарлықтай сезіліп отыр.

ВАЛЕНТИНА ЧЕРНЫХ, «СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Кездесу барысында өзекті реформалар ғана емес, педагогтар мен білім алушылардың құқықтарын қорғау тетіктері де талқыланды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай алаңдар кәсіби диалогқа және білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.