Көктем келісімен өңірде кенелердің белсенділігі артты. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Өткен жылы облыс бойынша 962 кене шағу дерегі тіркелген. Ал биылғы эпидемиялық маусым енді ғана басталғанымен, алғашқы жағдайлар да анықталды. Мамандар аталған жәндік адам денсаулығына қауіпті жұқпалы ауруларды таратуы мүмкін дейді.

Сәуір айынан бастап кене шағу маусымы ресми түрде басталды. Биыл өңірде ондаған адам медициналық көмекке жүгінген. Әсіресе балалар арасында тіркелген жағдайлар алаңдатады. Мамандардың айтуынша, кенелер орманды, шөпті жерлерде жиі кездеседі және адамға байқатпай жабысады. Сондықтан табиғат аясында демалғанда жабық, ашық түсті киім киіп, арнайы қорғаныш құралдарын қолдану маңызды. Қазір өңірде дезинсекциялық жұмыстар жүргізіліп, қауіпті аумақтар бақылауға алынған. Мамандардың айтуынша, кене көптеген жұқпалы аурудың тасымалдаушысы. Олардың қатарында кене энцефалитінен бөлек, бөртпе сүзек, туляремия, кене боррелиозы, геморрагиялық қызба және басқа да қауіпті инфекциялар бар. Соның ішінде ең қауіптілерінің бірі – кене арқылы таралатын вирустық энцефалит. Қазіргі таңда бұл вирусқа қарсы вакцинация жалғасуда.

СНХР: ГҮЛИДА ЖӘКЕЕВА – СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ