Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына орай «Қызыр қонған Қызылжар» атты республикалық командалық айтыс өтті. Іс-шара СҚО әкімдігінің ұйымдастырумен, Аманат партиясының қолдауымен өтті. Жыр додасына СҚО мен Алматы облысының үздік айтыскер ақындары мен өнерпаздары қатысты.
СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетовтың атынан құттықтап ақын, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерманға және жырау, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың иығына шапан жапты.
Бұл жоба – ұлттық қазынамызға айналған айтыс, жыр-терме, дәстүрлі ән мен күй жанрларын біріктірген ауқымды өнер додасы. СҚО және Алматы облысынан келген команда келесі кезеңге жолдама алу үшін бақ сынауда.
АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, АЙТЫСКЕР АҚЫН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Бүгін міне, қызырлы Қызылжар қаласының төірінде 5 өнердің басы қосылған ұлттық жобамыз өткелі отыр. Бұл Ұлттық қазынамызға айналған айтыс, жыр-терме, ән және күй жанрларының басы қосқан үлкен мега жоюба. 1,5 жылға созылады. Астана мен Алматы облыстарын қосқанда 20 команда бақ сынасады , 4 кезеңнен тұрады. 1 кезеңде 20 команда бақ сынасса, екінші кезеңде 10, үшінші кезеңде 4 команда, 4 кезеңде 2 команда жеңімпаз болуға таласатын болады.
Бүгінгі командалық додада 8 бағыт бойынша сайыс өтті: сүре айтыс, түре айтыс, қыз бен жігіт айтысы, қайым айтыс, жыршылар, термешілер, дәстүрлі әншілер және күйшілер өнері. Айтыстың шымылдығын СҚО жас өнерпазы Сұлтан Жарқынұлы мен Алматыдан келген Іңкәр Оралханның командаларды таныстыруымен ашылды.
Алғашқы болып сүре айтыс бойынша Солтүстік Қазақстан облысының намысын халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері Хавдолла Бейсхан қорғады. Оның қарсыласы – Алматы облысынан келген, республикалық және облыстық айтыстардың жүлдегері Шынарбек Тұрсын. Айтыскердің айтуынша, қарсыласымен бұрыннан таныс.
ХАВДОЛЛА БЕЙСХАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН
Екі ақын арасындағы сөз сайысы тартысқа толы, мазмұнды әрі әсерлі өтті. Айтыс барысында ақындар суырыпсалмалық шеберліктерін танытып, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, өткір ойларымен көрермен көңілінен шықты. Сөз қағыстары ұтымды әзіл мен терең мағынаға құрылып, ұлттық өнердің көркемдігін айшықтай түсті. Көрермендер өнерпаздарды қолдап, тартысты айтысқа қатысты өз ойларын білдірді.
Сүре айтысы бойынша алматылық Шынарбек Тұрсын 29 ұпай жинаса, Хавдолла Бейсхан 30 ұпай еншілеп, СҚО командасына алғашқы ұпайды әкелді. Жоба алдағы уақытта өзге өңірлерде жалғасын табады.