Жамбыл ауданында жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасуда. Өңір тұрғындары Ата заңға енгізілетін жаңа нормалар қоғам өміріне, білім беру жүйесіне және Қазақстанның болашағына қалай әсер ететіні туралы өз пікірлерін білдіруде. 15 наурызда өтетін референдум әрбір азамат үшін маңызды оқиғаға айналып отыр.

Жамбыл ауданының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылауда. Елдің басты заңы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және мемлекет дамуын жаңа әлеуметтік, экономикалық әрі саяси жағдайларға бейімдеуге бағытталған.

ЕКПІН ӘБИЕВ – КӘСІПКЕР, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

Құжаттағы маңызды бағыттардың бірі – білім беру саласы. Жаңа Конституция жобасының 33-бабында барлық азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында бастауыш және орта білім алу кепілдігі берілетіні көрсетілген. Ал жоғары білімді тегін алу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

ДАНА САНСЫЗБАЕВА – ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

Аудан тұрғындарының айтуынша, дауыс беруге қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі әрі ел болашағына тікелей ықпал ету мүмкіндігі.