Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Қатты жел мен бұрқасын салдарынан республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесі және облыстық маңызы бар жолдардың 28 учаскесі жабылған болатын. Қазіргі уақытта жолдардың басым бөлігі ашылды. Алайда республикалық маңызы бар төрт бағытта қозғалыс әлі де шектелген.

Өткен тәулікте төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен 14 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 58 адам, оның ішінде 10 бала құтқарылды. Қар құрсауында қалған 19 техника қауіпсіз жерге шығарылды. Жылыту пункттеріне 194 адам орналастырылды, оның ішінде 14 бала бар. Жол қозғалысына қойылған шектеулерге байланысты автожолдарда 203 көлік құралының жиналуы тіркелді.

ДӘУРЕН ТӘУБАЕВ, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ