Петропавл қаласында «IQAZ» атты интеллектуалдық квиз ойыны өтті. Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне, сондай-ақ 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға орай ұйымдастырылды.


Ойынға қаладағы түрлі ұйымдар мен мекемелердің командалары қатысты. Қатысушылар тарих, мәдениет, логика және қоғамдық-саяси тақырыптар бойынша білімдерін сынады. Квиз 7 раундтан тұрды. Әр кезеңде командалар сұрақтарға жауап беріп, интеллектуалдық тапсырмаларды орындап, ең көп ұпай жинау үшін өзара бақ сынады.


СНХР: БУРАХАН ДАҚАНОВ – «ТӘУЕКЕЛ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Сұрақтардың бір бөлігі 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға арналды. Қатысушылар Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының негізгі баптарын талқылап, оның ел дамуына ықтимал әсерін қарастырды. Қазылар алқасының мүшесі белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды дауыс беруге қатысуға шақырды. Ол референдумға қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігінің маңызды көрінісі екенін айтты.


СНХР: ДИНАРА ЕСЕМБЕКОВА – ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ


Ойын қорытындысы бойынша үздік командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.