Ауқымды мемлекеттік шешімдердің артында әрдайым адамдар тұрады – олардың еңбегі, жоспарлары және болашаққа деген үміті. Қазақстандықтар өз ісін дамытып, балаларын тәрбиелеп, өз елінде өмір сүріп ұрпақ жалғастырып болашаққа айқын жоспарлар құрып келеді. Ал 15 наурыз күні олар жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда өз таңдауларын жасайды.


Салтанат Хамзина сұлулық саласында жеті жылдан бері тырнақ әрлеуші болып еңбек етеді. Бір жыл бұрын жеке кәсіп бастауға шешім қабылдап, Жамбыл ауданында өз студиясын ашқан. Бүгінде ол тек бизнесін дамытып қана қоймай, қоғамдық өмірге де белсенді араласып келеді.


СНХР: САЛТАНАТ ХАМЗИНА – КӘСІПКЕР, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ


Кәсіпкер ретінде Салтанат елде жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі алдағы жалпыхалықтық референдумды ол барлық қазақстандықтар үшін маңызды оқиға деп санайды.


СНХР: САЛТАНАТ ХАМЗИНА – КӘСІПКЕР, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ


Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурыз күні өтеді. Бұл күні ел азаматтары бекітілген сайлау учаскелеріне барып, ел үшін маңызды өз таңдауларын жасайды.