Көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында «Қызылжар аруы» атты әйелдер киімдері топтамасының премьералық тұсаукесері өтті. Кейін мерекелік бағдарлама концертке ұласып, әсем әндер шырқалды. Қыз-келіншектерге арналған жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты.


С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында «Қызылжар аруы» атты әйелдер киімдері топтамасының премьералық тұсаукесері өтті. Іс-шарада белгілі дизайнерлер Тәрбия Айдымбаева мен Айжан Колчинаның қолынан шыққан туындылары көрсетілді.


Көрсетілімде өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов те болды. Тұсаукесер барысында ұлттық нақыштағы, қазақы ою-өрнектермен әсем безендірілген киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір киімде халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрлі сән үлгілері көрініс тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

СНХ: АЙГҮЛ НҮРПЕЙІСОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ


Кейін іс-шара мерекелік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде шырқалған әсем әндер мен жүрекке жылУ СЫЙЛАЙТЫН әуендер көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Өнерпаздар аналар мен аруларға деген құрмет пен алғысты өнер арқылы жеткізді.


Қолдарына қызғалдақ ұстаған қыз-келіншектердің жүздерінде қуаныш пен жылылық ұялап, олар мерекенің ерекше атмосферасын терең сезінді. Кеш барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі мен еңбегі ерекше атап өтіліп, оларға жүрекжарды құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды.


СНХ: ҒАЛИЯ МАЛДЫБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


8 Наурыз – мейірім мен ізгіліктің, сұлулық пен нәзіктіктің мерекесі. Көктемнің шуақты мерекесі қыз-келіншектердің қоғамдағы орнын айшықтап, олардың парасаты мен даналығын, еңбегі мен қамқорлығын дәріптейді.