Петропавл қаласының пробация қызметінде бүгінде 10 қыз-келіншек қызмет атқарады. Олардың қатарында 15 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандар да бар. Қоғам қауіпсіздігі мен әділет жолында аянбай қызмет етіп жүрген арулар күнделікті қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып келеді.

Мөлдір Шаймуллина қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек жолын бастап, бүгінде пробация қызметінде жұмыс істеп келеді. Оның негізгі міндеті – есепте тұрған сотталған азаматтарды бақылап, олардың қоғамға қайта бейімделуіне көмектесу. Қызмет барысында түрлі тағдыр иелерімен жұмыс істеуге тура келеді, сондықтан бұл сала мамандарынан төзім мен үлкен жауапкершілікті талап етеді.

МӨЛДІР ШАЙМУЛЛИНА, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Ішкі істер органдарында 15 жылға жуық тәжірибесі бар Мадина Елжасова бүгінде жауапты қызмет атқарады. Еңбек жолын 2010 жылы бастап, әр жылдары пробация инспекторы және әйелдер колониясында жасақ бастығы болып қызмет еткен. Бүгінде пробация қызметіндегі маңызды міндеттердің орындалуына жауапты.

МАДИНА ЕЛЖАСОВА, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Пробация қызметінде әйелдер ер адамдармен иық тірестіре жұмыс істеп, адамдарға өмірін түзетуге және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Олардың адал еңбегі қоғам үшін маңызды үлес болып табылады.