Бүгін облыстың орман шаруашылық мекемелеріне 51 дана трактор техникасы табысталды. Жалпы несие немесе қаржылық келісім негізінде 107 бірлік техника алыну жоспарланған. Бұған дейін 27 автокөлік берілген, ал мамыр айында тағы 29 жаңа өртсөндіру көлігі жеткізіледі. Жаңа техника өрт маусымында қызметкерлерге дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік беріп, орманды қорғауды тиімді етеді.

Соңғы үш жылда облыс бюджетінен 800 миллион теңге бөлініп, нәтижесінде 79 бірлік арнайы техника сатып алынды. Оларға өрт сөндіру автомашиналары, патрульдік автокөліктер, мотоциклдер және тіркемелі өрт сөндіру модульдері кіреді. Сонымен қатар, Булаево қаласында орман өрттеріне қарсы станцияның құрылысы толық аяқталды.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Әрі қарай Марат Тасмағанбетов әр аудандағы орман шаруашылығы қызметкерлеріне автокөліктердің кілттерін табыстады. Айыртау ауданына 5 техника берілді.

АЛТЫНБЕК ӨТЕБАЙ, "БҰРЛЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ"КММ ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Қабылданған шаралардың арқасында орман шаруашылықтары жақсы жабдықталады, техникалық жарақтану деңгейі 60%-дан 75%-ға дейін өседі. Бұл техника төтенше жағдайларға жылдам әрекет етуге және орманды тиімді қорғауға көмектеседі.

ҚАЙРАТ ХАЛЫҚОВ, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өңірде орманды қорғау, сақтау және қалпына келтіру жұмыстарын 12 орман шаруашылығы атқарып отыр. Биыл 24 миллион 500 мың көшет егіледі.