Облыстағы ауылдық мектеп оқушылары білім алуға және өздерін дамытуға жаңа мүмкіндіктерге ие болды. «Алматы кітап баспасы» шағын жинақты мектептерге 40-тан астам «TopIQ-Mobil Box» білім беру құрылғысын тапсырды. Бұл жоба Президенттің білім беру саласын цифрландыру бастамасын қолдау мақсатында жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде шалғай ауылдардағы оқушылар да сапалы білім алып, тең мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

«Алматыкітап баспасы» қайырымдылық бастамасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына 42 «TopIQ-Mobil Box» білім беру станциясын табыстады. Әр станцияның құны шамамен 400 мың теңгені құрайды. Олар цифрлық ресурстарға қолжетімділігі шектеулі, шалғай елді мекендерде орналасқан 41 шағын жинақты мектепке, сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына берілді. Ең бастысы, бұл станциялар интернетке қосылмай-ақ толық жұмыс істей алады, сондықтан оқушылар сапалы оқу материалдарын офлайн режимде пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

ГҮЛНҰР ҚҰДАЙБЕРГЕН, «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫНЫҢ» ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

Жоба Мемлекет басшысының білім беру саласын цифрландыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – шағын елді мекендердегі балаларға заманауи білім мен технологияларға тең қолжетімділік беру. Кездесу барысында мектеп директорлары мен әдіскерлерге құрылғыны қалай пайдалану керектігі және оның ішінде қандай білім беру ресурстары бар екені таныстырылды.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Енді ауылдық мектеп оқушылары үшін білім алып, өзін-өзі дамытуға көбірек мүмкіндік пайда болды. Заманауи цифрлық ресурстар қолжетімді бола түссе, мектеп кітапханаларының мүмкіндіктері кеңейді.