Өңірде су айдындарын аэрациялау жұмыстары басталды. Облыста 633 балық шаруашылығына тиесілі су айдыны бар. Оның 336-сы резервтік қорда. Бұл нысандарда балықтың қырылуына қарсы жұмыстарды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Ал 297 су айдыны балық шаруашылығы субъектілеріне бекітілген.

Биыл су айдындарындағы мұздың қалыңдығы шамамен 70 сантиметрге дейін жеткен. Мұндай жағдайда суда еріген оттегі күрт азайып, балықтардың тұншығу қаупі артады. Соның алдын алу үшін мамандар аэрация жұмыстарын жүргізуде. Аэрация – бұл суды оттегімен байыту үдерісі, ол балықтың қырылуына жол бермеу үшін қажет. Көлдің жалпы аумағы – 120 гектар. Мамандардың айтуынша, әзірге суда ерекше иіс анықталмаған. Аэрациялық жұмыстар әр 10 күн сайын тұрақты түрде жүргізіледі.

ДМИТРИЙ БУТЕНКО – «ҚЫЗЫЛЖАР ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ МАМАНЫ

Аэрация жұмысы қаңтар айында басталған. Сол кезден бастап судың иісі мен көбік пайда болуын бақылау үшін мониторинг жүргізілуде. Егер иіс немесе көбік байқалса, мамандар оттегінің деңгейін өлшейді. Қажет болған жағдайда, дереу аэрация жүргізіледі.

ЕВГЕНИЙ СУВОРОВ – АҢШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Биыл қыс мезгілінде Қызылжар ауданында 30-дан астам су айдынында балық қырылуына қарсы шаралар атқарылуда. Жұмыстарға 18 бірлік техника мен 100-ге жуық адам, оның ішінде еріктілер мен балық өсірушілер жұмылдырылған. Аэрациялық шаралар мұз толық ерігенге дейін жалғасады.