Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қорғаныс бөгеттерінің жай-күйін тексеріп, автожол өткелінің құрылыс алаңында болды.
Бұған дейін су басу қаупі тіркелген осал учаскелерге ерекше назар аударылды. Соның бірі – Тепличное ауылы. Мұнда топырақ бөгеттері қалыңдығы 1,5 миллиметр болатын ылғал мен аязға төзімді геомембранамен нығайтылуда. Жалпы ұзындығы 3,9 шақырым аумақ заманауи материалмен қапталмақ. Жұмыс қарқынды жүргізілуде. Төрт күн ішінде 800 метр бекітілді. Облыс әкімі барлық жұмысты 10 наурызға дейін аяқтауды тапсырды.
Прибрежное ауылындағы бөгеттің ұзындығы 5 шақырымды құрайды, жоба құны – 3,3 млрд теңге. Қазіргі таңда жұмыстар толық аяқталған. Ал Бескөл ауылында ұзындығы 5,9 шақырым болатын бөгет қайта жаңғыртылуда. Бұл жобаға 1,6 млрд теңге бөлінген.
БЕЙБІТ ИСМАНОВ – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жеке жоба ретінде облыстық маңызы бар Вороний аралына кіреберіс автожолын көпір салу арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асуда. Көпірдің ұзындығы – 2 шақырым, жоба құны – 4,3 млрд теңге. Жоспар бойынша құрылыс 10 наурызға дейін аяқталуы тиіс.
ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ – СҚО ӘКІМДІГІ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жаңартылған жол көктемгі су тасқыны кезінде Прибрежное ауылы тұрғындарының көлік қатынасы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.