С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Тәуелсіздік – Қазақстан дамуының символы” атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Еліміздің тәуелсіздігіне арналған кітап-құжаттық көрме жыл бойы экспозицияланады. Мұнда тарихи құжаттар, Тәуелсіздік декларациясы, еліміздің спорттық және мәдени жетістіктері, халықаралық дипломатиялық келіссөздер, экологиялық бастамалар мен жасанды интеллектке қатысты материалдар ұсынылған. Негізгі басымдық – Қазақстанның 35 жыл ішінде жеткен толағай табыстарына берілген.
ЗАҒИПА ЕҒЗАМ, КІТАПХАНАШЫ
Тәуелсіздіктің 35 жылы – бұл ел дамуының тұтас бір дәуірі. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз саяси, экономикалық және мәдени тұрғыда қалыптасып, халықаралық аренада өз орнын айқындады. Іс-шара барысында зиялы қауым өкілдері ел болашағына қатысты ізгі тілектерін білдірді.
ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сондай-ақ көрменің ашылу рәсімінде облыстық филармонияның әншісі, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Жанат Айтбаев “Туған ел” әнін орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады.
Алдағы уақытта аталған көрмеде студенттер мен мектеп оқушыларына, сондай-ақ түрлі ұйымдарға арналған экскурсиялар ұйымдастыру жсопарлануда.