Облыс әкімдегінде кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Өткен жыл Солтүстік Қазақстан облысы үшін сапалы өзгерістер кезеңі болды. Өңір аграрлық аймақ ретінде ғана емес, индустриялық бағытта да қарқынды дамып келе жатқанын нақты нәтижелермен дәлелдеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 942,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19,9 пайызға жоғары көрсеткіш.
Есепті жылы өңірде инвестициялық жобалар мен кәсіпорындарды жаңғырту жұмыстары жалғасты. 2020 жылдан бері тікелей шетелдік инвестициялар 708 млн АҚШ долларына жетіп, металлургиядағы инвестиция 65%-ға, жеке инвестициялар 69%-ға өсті. Қазіргі жағдай нақты нәтижеге бағытталған тиімді әрі үйлесімді жұмысты талап етеді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Былтыр өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі 942,4 миллиард теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,9 пайызға көп. Өсім зауыттар мен кәсіпорындардың тұрақты жұмысы және жаңа инвестициялық жобалардың іске қосылуы арқасында болды. Өнеркәсіптің негізгі бөлігін өңдеу саласы құрайды. Ол жалпы көлемнің 87 пайызын құрап, 820,1 миллиард теңгенің өнімін өндірді.
ДАРХАН ӘМРИН, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ -ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2025 жыл «Зиксто» кәсіпорны үшін ауқымды өсу, белсенді инвестициялар және өндірістік мүмкіндіктер жылы болды. Осы жылы 3 200 жүк платформалы вагон және 100 жолаушы вагон жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 41 пайызға артқан.
МИХАИЛ ТЕРЕХОВ, «ЗИКСТО» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Қоса кетейік, бүгінгі күні облыста 35 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады, олардың саны жыл сайын артып келеді.