21 ақпан – Экскурсия жүргізушілері күні. Бұл кәсіби мереке 1990 жылдан бері аталып өтеді. Тарих пен тағылымды жалғап, өткен мен бүгінді байланыстыратын мамандық иесінің бірі - ардагер Галина Мочалова. Негізгі мамандығы – мұғалім болған ол, кейін өмірін осы салаға арнаған. 

Экскурсия жүргізушісі – тек экскурсия жүргізіп қана қоймай, тыңдарманды тарихпен сусындататын, әрбір деректі әсерлі жеткізе алатын маман. Бұл терең білімді, жан-жақты эрудицияны, сауаттылықты талап етеді. Галина Мочалованың айтуынша, экскурсия жүргізуші болу – үлкен жауапкершілік. Тыңдарманның назарын ұстап тұру, тарихи деректерді қызықты форматта ұсыну – нағыз шеберлікті қажет етеді.

ГАЛИНА МОЧАЛОВА, АРДАГЕР, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ

Бұл салаға ол кездейсоқ келген. 1998 жылдары танысы оны Астанаға экскурсияға бірге баруға шақырған. Алайда сол кездегі оның Астана қаласы туралы алғашқы әсері аса жағымды болмапты. Дәл сол оқиға оның өміріне өзгеріс әкелген.

ГАЛИНА МОЧАЛОВА, АРДАГЕР, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ

Мұғалім болып еңбек еткен кезде ол оқушыларға үнемі жаңашылдық ұсынуға тырысқан. Экскурсия жүргізгенде де сол ұстанымынан айнымады. Әрбір тарихи нысанды әсерлі әрі ерекше жеткізу үшін ол өлең жаза бастаған. Бүгінде экскурсия жүргізушінің әр мәдени нысанға арнап жазған өлеңдерінен жиналған атты авторлық жинағы бар.

Осылайша, 81 жастағы ардагер үшін экскурсия жүргізуші болу - өткен мен бүгінді жалғайтын жүрек қалауы мен өмірлік миссиясы. Тарихты терең біліп қана қоймай, оны өлеңмен өрнектеп жеткізетін жанның еңбегі –мамандыққа деген адалдықтың жарқын үлгісі.